Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 1 айға ұзартылды

2721
Adyrna.kz Telegram

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.

Еске салайық, биыл 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты. Кейін еліміздің ішкі істер министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлының «суицид әрекетіне» қатысты түсініктеме берген еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер