"Алматыда жарық, су, жылу жоқ. Осындай мәселелер қинап бара жатыр". Зейнеткердің жан айқайы

3464
Adyrna.kz Telegram

Жазушы, ардагер қаламгер Жанар Әбдішова Алматы қаласы маңындағы әлеуметтік жағдайдан сөз етіп, көпшілікке қарата сауал тастады. Зейнеткер өз сөзінде Алматының түбінде отырып, жарықсыз, сусыз, жылусыз қалғанын айтады. Мұндай келеңсіздіктердің жиілеп кеткендігіне шағым білдіреді. Мұны "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

- Қыстың мына суығында жарық өшті. Енді су да, жылу да жоқ. Себебі үйді жылытатын пеш те, жердің астынан шығатын су да электр қуатына байланысты. Су қатып қалса, құрыдық... Зейнетақының аздығы өз алдына, осындай мәселелер де қинап бара жатыр. Не істеу керек?Алматы, Алатау ауданы. Боралдай ықшам ауданы... - деп жазды Жанар Әбдішова.

Cоңғы уақыттарда Қазақ елі азаматтары тұрмыс-тіршілік мәселелерін қозғап, көңілі толмайтын тұстарды ашық айта бастады. Күні кеше әлеуметтік желіде айтыскер ақын Ринат Заитовтың жоғарғы билік өкілдеріне тастаған үндеуі жарық көрген еді. Үндеуде халықтың тапқан нәпақасы шай-пұлдың өзіне жетпейпіндігі сөз болады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер