Басты жаңалық! Астана қаласының әкімі ауысты

2290
Adyrna.kz Telegram
8 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астана қаласының әкімі қызметін атқарған Алтай Көлгінов орнынан түсіріліп,  Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек елорданың жаңа әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл ақпаратты ҚР президентінің баспасөз қызметі жариялады.

Қаланың жаңа әкімі Жеңіс Махмудұлы Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "сәулетші-дизайнер" мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында тағылымгер-зерттеуші болып бастаған.

  • 1998-2000 жылдары ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлімін басқарды;
  • ҚР ККМ Су көлігі департаментінің директоры болып жұмыс істеген. 2004 жылдан 2005 жылға дейін "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК директоры болды;
  • 2005 жылғы қарашада оны Көлік және коммуникация вице-министрі етіп тағайындады. Содан кейін Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы болды. Кейінірек Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған. Бұдан кейін Инвестициялар және даму министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып жұмыс істеді.;
  • 2019 жылғы 25 ақпанда ҚР премьер-министрінің орынбасары болды. 2019 жылғы 19 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер