ҚР Парламенті: Қазақстандық әйелдер 61 жаста зейнетке шығатын болады

2800
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан Республикасының Парламенті бірқатар заңнамаларға түзетулер енгізді. Атап айтқанда, жастар саясатына, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, әйелдер 61 жастан бастап зейнетке шығатын болды, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы.
ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, заң жобасы жастар саясаты бағытын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің  оңтайлы құқықтық негізін қалыптастыруға, халықты жұмыспен қамтуға және жастарды жұмыспен қамтуға қажетті мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

"Заң жобасы шеңберінде жастар ұғымының жас шегін 29-дан 35-ке дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді, бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер береді. Жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті тқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге ненізделген түзетулер көзделген", - деді Дархан Қыдырәлі.

Сонымен қатар, заң шеңберінде мемлекет басшысының  Жолдауын (2022 жылғы 1 қыркүйектегі) іске асыру әлеуметтік түйінді шешетін мынандай түзетулер енгізілді:

  • бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала 1,5 жасқа толғанға дейін төлеу;
  • ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70%-ға дейін, ал ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120%-ға дейін жеткізу;
  • әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 деп бекіту;
  • жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер