"Дамымай жатырмыз! Себебі, әкімдер бір-бірімен туыс, ақша бөліседі" - журналист Жолымбет Мәкіш

5464
Adyrna.kz Telegram

Қазақ еліндегі әлеуметтік процестердің ортасында жүрген журналист, қазақшыл азамат Жолымбет Мәкіш мемлекеттің неліктен кейін кетіп, дамымай жатқанына қатысты пікір білдірді. Автор өзінің жылдар бойына жинаған тәжірибесіне сүйене отырып, әкімдердің жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтарын сөз етеді. Ел көшін алға сүйреуді ойламай, өз қызметін пайдаланып, бақ-дәулетін арттыруды көздейтіндерін ашық айтады. 

- Қазақстанда бір жерге әкім болып, басшы болып келіп жатқандарға қарасаң ше, біреуі бір мықтының, бір олигархтың туысы не досы болып шыға келеді. Тамыр-таныстар басқаратын елге айналып, содан өсіп-өнбей жатырмыз. Ең ақшалы жерге өз адамдарын тартып, бір-бірінің көңілін қимай жүреді сосын. Ондай жерде мықты маманның сөзі жүрмейді, жаңағыдай тамыр-танысы билейді бәрін. Олар бір-бірінің сеніміне кіріп, бір-бірінің тілін табады, ақша тапса бөліседі. Біреуі бір жерге бастық болып барса, көкелері ақшалы жерді соған сеніп тапсырғандай болып жатады.. Қазақстанның сабақ жіп те шығармай тоқырап тұрғаны да содан... - деді автор.

Әлемдегі алдыңғы қатарлы көп мемлекеттердің даму тарихына назар салсақ, олар, ең алдымен, коррупцияның тамырына балта шапқан. Автор да ұлтына, ар-ұжданына адал азаматтар ел ісіне араласқанда ғана Қазақ елінің өркендейтініне сенімді.

"Адырна" ұлттық порталы  

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер