"TechnoGrad" компаниясының басшысы Зия Талғатов осындай қиын-қыстау уақытта компания мен оның әрбір қызметкері азаматтық көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Олар екібастұздықтарды қолдан келгенше демеп, игі бастамаларға ат салысуға әзір.
- Қазір 500 радиатор (жылытқыш құрылғылар) тиелген жүк көлігі жолға шықты. Біздің компания қайырымдылық жұмыстарымен белсенді айналысады. Жыл сайын бюджеттен халықты әлеуметтік қолдауға деп, атап айтқанда, мектептер, үйлер, мешіттер салуға және шалғай елдімекендегі балаларға сыйлықтар беру үшін шамамен 30 миллион теңге бөлінеді. Жалпы, егер жақыңызға көмектесуге мүмкіндігіңіз болса, оны жасаймын деп жатсаңыз, ешкім сізге қолбайлау болмайтынын атап өткім келеді. Ең қиын сағатта адамдардың бір- бірін қолдауы бірлігін арттырып, елімізді күштірек ете түседі, - дейді "TechnoGrad" компаниясының басшысы Зия Талғатов.
Жылытқыш құрылғылар бүгінде Екібастұз қаласына сәтті жеткізілді. Олар тұрғындардың өтініші бойынша бірден таратылған. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Мариям Маликова атап өткендей, құрылғылар Бауыржан Момышұлы мен Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі көппәтерлі үйлердің тұрғындарына табысталды.
"Адырна" ұлттық порталы