Алматының әкімі ауыспайтын болды

914
Алматы қаласының әкімі ауыспайтын болды. 2022 жылы 2 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі етіп қайта тағайындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Тағайындалуға қатысты жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Үлкен қаланы басқарып отырған Ерболат Досаев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітіріп, Алматы энергетикалық институты мен Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетіне жоғары білім алған.

Алматы қаласы әкімінің еңбек өтілі төмендегідей:

  • "Тұран Әлем банкі" ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, "АТФ Банк" ЖАҚ Басқарма төрағасы (1997 ж.);
  • ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі (1998 ж.);
  • ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі (1998 ж.);
  • ҚР Қаржы вице-министрі (2000 ж.);
  • Қазақстанның Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы (2001 ж.);
  • ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы (2001-2003 жж.);
  • ҚР Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; ҚР Ұлттық банктің Басқарма мүшесі (2003-2004 жж.);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрі (2004-2006 жж.);
  • "Қазинвестбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2012 жж.);
  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен  бастап – ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.
  • 2013 жылғы 16 қаңтардан  бастап – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
  • 2014 жылғы 6 тамызда ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың Басқарма төрағасы.
  • 2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
  • 2019 жылғы 25 ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – ҚР Ұлттық банктің төрағасы.
  • 2022 жылғы 31 қаңтарынан бастап Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket