Тоқаев Францияға сапарында Әблязовты елге қайтару мәселесін талқылай ма – СІМ жауабы

3083
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронмен Францияда тұрып жатқан қазақстандық банкир Мұхтар Әблязов айналасындағы жағдайды талқылайды деген ақпарат шетелдік БАҚ-та тарады. Бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко пікір білдірді.

«Бұл мәселе көптеген елдің құқық қорғау органдарының айрықша құзыретіне тиесілі. Аталмыш мәселе (Әблязовты Франциядан елге қайтару – авт.) саяси деңгейде талқыланбайды. Мәселе сот органдары ме құзырлы органдардың құзыретіне тиесілі. Тек Қазақстан емес – Еуропа мен АҚШ-тың. Өздеріңізге белгілі, Әблязов мырза Қазақстанда құқық бұзғаны және жазығы үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған», – деді министрдің орынбасары Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Оның айтуынша, қазақстандық банкирді БТА банкінен 4 млрд доллар ұрлағаны үшін Лондонның жоғары соты да үкім шығарған.

“Қазір оған қатысты басқа да сот процестері АҚШ, Ұлыбритания және Францияда жүріп жатыр. Қазақстан тарапынан сот процесіне қатысушы – БТА, Алматы әкімдігі және Әділет министрлігі. Сондықтан бұл заң аясында қаралатын мәселе. Ол – Әблязов мырзаға қатысты іс тергеліп жатқан елдердің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нысаны. Сондықтан бұл мәселе саяси деңгейде талқыланбайды”, – деді Роман Василенко.

Айта кетейік, 29 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Францияға барды.

Пікірлер