КӘМШАТ ТАСБОЛАТ: Димаштың әндерін тыңдап, пікірлерді оқисыздар ма?

2415
Adyrna.kz Telegram

Шаршағанда Димаштың әндерін тыңдап, реакцияларды қарап, пікірлерді оқыған ұнайды. Өткенде Францияда президенттер алдында өнер көрсеткен Димашты француздар қатты жақсы көреді екен. Ағылшынша, қазақша, орысша пікірлерді түсінеміз ғой, ал французша пікірлерді google аударманың арқасында оқып, “мә, мына француздар Еуропаның қазақтары ма” деп қалдық. Адам баласы бір-біріне ұқсас келеді ғой. Француздар Макронға ренжіп жатыр “Димаш, саған дұрыстау, кеңдеу сахна бермеген француздарды кешір” дейді. Енді бірі “Димашты француз халқы атынан баяғыда-ақ марапаттау керек еді” дейді. Біздіңше, алыстан ат арылтып келген қонақты дұрыстап күтіп алып, үстіне шапан жауып, тай мінгізіп жібермедік пе, қонақжайлылық қайда, фғансуздар. Шапанына орден-медальдан тақпадық па, ұят болды-ау…” дегені ғой. Біреулер “Франциядағы барлық ардагер, тәжірибелі сазгерлер Димашқа ән жазып беруі керек” дейді… Қазақшаласақ, “қашанғы Димаш бір француз әнімен өнер көрсетеді, анау Крутойың крутой болмай қалды, Димаштай саф таланттарға еуропалық, әлемдік деңгейдегі әндер жаздырып, ғарыштық әншіні ғарышқа таныту керек” дегені ғой.

Гуглға рахмет, италияндардың не деп жатқанын да түсіндік. Италияндар да “Айналайын, Димашжан, басқалар қадіріңді білмей жатса, бізге кел, өзіміз күтіп аламыз, Италия есігі сен үшін ашық, «Дайдидау» деген әнің қандай керемет еді… ” дегендей пікірлерді жазып жатыр. Жалпы, google-дің қазақшаға аудару функциясы жақсы екен, бірақ әлі де калька-аударма басым боп тұр, бұл саланы жетілдіріп, дамыту керек-ақ. Ал Димашқа еуропалық, америкалық, әлемдік сазгерлермен жақсы ынтымақтастық, сәтті жобалар тілейміз!

Ал сіздер Димаштың әндерін тыңдап, пікірлерді оқисыздар ма?

Kamshat Tasbolat

 

 

 

 

 

Пікірлер