Аманаттықтар Екібастұз қаласының тұрғындарына 1000-нан астам жылытқыш жіберді

1454

«AMANAT» партиясының мүшелері Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. Бүгін партияның Астана қаласындағы филиалынан гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жолға шықты. Аманаттықтар барлығы 1000-нан астам жаңа электр жылытқыштар, көрпелер, термостар және тағы басқа қажетті заттар жолдады.

«Партиялықтар Екібастұзда орын алған жағдайға алаңдап отыр. Аманаттықтар Арыстағы, Мақтааралдағы және Әулиекөлдегі оқиғалар кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға көмектескен болатын. Бұл жолы да шет қала алмаймыз. Бүгін елордадан ең қажетті заттар – жылытқыштар, көрпелер жөнелтіледі. Бүгіннен қалмай бұл көмек Екібастұз тұрғындарына жеткізіледі», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Астана қаласы филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов.

Екібастұзда волонтерлер штабы ашылды. «Жастар Рухының» белсенділері үй-үйді аралап жатыр. Мобильді бригадалар жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинауда. Сондай-ақ, партияның жастар қанатындағы волонтерлер апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру жұмысымен де айналысып жүр.

Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері, яғни Ерлан Саиров, Вера Ким, Артур Платонов, Жанарбек Әшімжан, Айгүл Нұркина, Дүйсенбай Тұрғанов, Анатолий Бойчин дәл қазір Екібастұз қаласының тұрғындарына жедел көмек көрсетіп жатыр.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket