Көкшетауда жастармен кездесу өтті

620
Adyrna.kz Telegram

Көкшетау қаласындағы «Арна» Көкшатау жоғарғы колледжінде 14 тамыз күні сағат 12:00 де «Жастарға мүмкіндік!» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында болды. Онда NEET санатындағы жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне тарту мәселелері қарастырылды.

Іс-шара “Жастарды әлеуметтендіру және оңалту” жобасы аясында өтті. Атаулы жоба NEET санатындағы жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, оларды дамыту идеяларын талқылап, жобалық кеңсе тарапынан жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлерін зерттеп, NEET жастарының қордаланған мәселелерінің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.

Іс-шараның мақсаты - жастарды жігерлендіру, ынталандыру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Іс-шара басты спикері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры  – Ерболат Баятұлы болды. Кездесу барысында ол білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарға мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларын дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар мәселесі және қай саланы белсенді дамыту керектігі, кәсіпкердің бойына қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болды.

Пікірлер