Тоқаев: “Ресеймен қарым-қатынасымызды әрі қарай жылжытуға салмақты негіздер бар”

8106
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен кездесуінде Ресейге қандай мақсатпен келгенін айтты, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

“Қазақстан үшін Ресей Федерациясы негізгі стратегиялық серіктес мемлекет болады және солай болып қала береді. Бізді түрлі саладағы терең қарым-қатынастар байланыстырады. Сіз Өңіраралық ынтымақтастық форумының кезекті  отырысын меңзедіңіз. Бұл жолы ол Орынборда өтіп жатыр. Менің топшылауымша, қарым-қатынасымызды әрі қарай жылжытуға салмақты негіздер бар. Елдеріміз арасындағы сауда көлемі пандемиямен байланысты бүкіл қиындықтарға қарамастан 24 млрд долларға жетті. Ресей капиталының біздің елімізге бағытталуына қатысты үлкен жоспарымыз бар. Мен Мемлекет басшысы ретінде және біздің Үкіметіміз өзара тиімді шарттар негізінде Ресей капиталы Қазақстанда тұрақты жұмыс істеуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Әріптестік орнатылған салалардың бәрін тізбелеп атаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму деңгейіне көңіліміз толады деуге негіз бар. Дей тұрғанмен, әрдайым алға қарап, бет түзеуіміз керек. Бұл жерге дәл осы мақсатпен келіп отырмын», - деді Тоқаев.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket