«Бәрі сахна артында»: Украина СІМ жасырын түрде қару-жарақ жеткізетін елдер жайлы айтты

3707
Adyrna.kz Telegram

Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Le Parisien Француз басылымына берген сұхбатында Украинаға жасырын түрде қару-жарақ жеткізетін елдер жайлы айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Оның айтуынша, Киев бірқатар елдерден әскери көмекті тікелей емес, делдалдар арқылы алады. Бұл делдалдар қару-жарақты үшінші елдерден сатып алып, кейін Украинаға жібереді.

«Осы үшінші елдердің көбі жұрттың алдында "ештеңе жеткізбейміз" деп ашық айтады, бірақ бәрі сахнаның артында болып жатыр», - деді дипломат.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер