Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен мүшелері ұсталды (ВИДЕО)

2699
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен мүшелері ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар биылғы жылдың сәуір айында елордадағы түнгі клубтардың бірінде болған криминалдық жанжал бойынша күдіктеліп отыр. Соның салдарынан екі адам атыс қаруынан жарақат алған болатын.

«Сонымен бірге фигуранттар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деп күдіктелуде. Қолға түскендер қамқорлық көрсетуге және Ақмола облысының бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген, төлем ретінде өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеуге көндірген»,—делінген хабарламада.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

<

Пікірлер