Қазақстанда қысқы дизель отыны бір жылдың өзінде 31% қымбаттады

1953
Adyrna.kz Telegram
Дизель отынының бағасы бір жылдың ішінде 12,5%-ға қымбаттады. Жазғы дизель отыны 1,3%-ға арзандаса, қысқы дизель отыны, керісінше, бірден 30,7%-ға қымбаттады. Мұндай мәліметтер Ұлттық статистика бюросының есебінде келтірілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ең бастысы, дизель отыны бағасының өсуін Ақтөбе облысының тұрғындары байқады. Өнім құны бір жылда 27,9%-ға артқан. Абай (+24,6%) және Шығыс Қазақстан (+24,4%) облыстарында да бағаның бірден көтерілуге көзге түсті.

Бағаның ең аз жылдық өсімі Алматы облысында тіркелді. Яғни, 0,5%. Шымкент, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға өткен жылдың қазан айындағы деңгейде қалды. Түркістан облысында дизель отыны 1,8 пайызға арзандады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер