Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатыр

2195
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 20 қарашада сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Азаматтар алты кандидаттың біреуіне дауыс бере алады:

  1.  Қасым-Жомарт Тоқаев - Қоғамдық-саяси күштердің халықтық коалициясынан;
  2. Жигули Дайрабаев -  «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;
  3. Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан;
  4. Қарақат Әбден - «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен;
  5. Салтанат Тұрсынбекова -  «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен;
  6. Мейрам Қажыкен - «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен.

Сайлаушылар тізімінде 11 миллион 950 мың 485 қазақстандық бар. Сайлау бюллетеньдерінің саны - 12 069 990 дана.

Пікірлер