Бүгін, 20 қарашада сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Азаматтар алты кандидаттың біреуіне дауыс бере алады:
- Қасым-Жомарт Тоқаев - Қоғамдық-саяси күштердің халықтық коалициясынан;
- Жигули Дайрабаев - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;
- Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан;
- Қарақат Әбден - «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен;
- Салтанат Тұрсынбекова - «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен;
- Мейрам Қажыкен - «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен.
Сайлаушылар тізімінде 11 миллион 950 мың 485 қазақстандық бар. Сайлау бюллетеньдерінің саны - 12 069 990 дана.
Related news
"There was no basic fire fighting equipment." Mine rescuers told about the security system in the Karaganda mine (VIDEO)
The Kazakh country collected 150 tons of humanitarian aid to Turkey, which suffered from an earthquake
