"Қазақ еркектері, қыздардың арын қорғағың келсе, өз еліңді жемқорлықтан тазала!" - заңгер Айгүл Орынбек

5194
Adyrna.kz Telegram
Заңгер Айгүл Орынбек ресейлік жазарман, арандатушы Алекс Лессидің сөзіне бола дүрліккен азаматтарға үндеу жолдап, қазақ мемлекетін дамытудың нақты жолын ұсынды. Автордың пайымдауынша, қазақ ер-азаматтары қыздарын қызғыштай қорығаны секілді жемқор жүйемен де алысуы қажет. Елін дамыту жолында интеллектуалды күш-жігерін, технократиялық қабілет-қарымын сарп еткені дұрыс. Сонда ғана қоғамда ілгерлеу болады.
- Құранмен жүретін елдің еркектері - биік-биік ғимараттар салып, елін дамыған елдерінің қатарынан бір-ақ шығарған! Мойындау керек, бүкіл әлемнің алдыңғы қатарлы озық компаниялары осы елде! Бұл ел сенің дініңе, киіміңе қарап тұрған жоқ, мемлекетке қосатын үлесің яғни инвестицияң мен миыңа мұқтаж! Тіпті Алланың үйі болып саналатын мешітке де басқа дін өкілдерін кіргізіп ақша тауып отыр! - деп бастайды өз жазбасының беташарын заңгер.
Кейіннен автор қазақ еркектерінің заман талабына сай сын-cипатын айшықтауға ойысады. Оның пікірінше, нағыз қазақ азаматы - білім-біліктілігі келіскен тұлға.
- Ал біздің еркектер ше? Қыздардың киімімен, одан қалса өзіңмен алысып, салғыласып ұрсып, ең соңында жала жабудан аса алмай келеді! Қазақтың еркектері - мықты болса, қазақтың қыздарымен емес, мына жемқорлық жайлаған “ескі жүйемен” алысар еді! Ал біздің жігіттер - әділетсіздікпен күресіп жүрген қыздармен ғана күресуге шамалары жетіп, “мықтымыз” деп отыр әзірге! Сондықтан ғой… Нәзік жанды қыз ретінде әділетсіздік жайлаған жүйемен күшімнің жеткенінше күресіп жүрмін! Кейде осының бәрі - маған не керек деп, қолымды бір-ақ сілтегім келеді… Бірақ, “ескі жүйені” төрт аяқтап қолдайтын жағымпаз еркектерді көргенде , намыстан өртеніп кетемін! Еліміздің ертеңі үшін сәл болсада үлесім болсын деп, күреске шығамын! О Құдайым, Қазақтың еркектері Леслиге қарсы шыққандай, жемқорлық жайлаған “ескі жүйемен” де осылай ашық күрессе ғой! Әншейінде үнсіз отыратын Мұхамеджан Тазабек, тіпті қыздарымыздың арын қорғаған “кейіппен” видео-үндеу түсіріпті! Сол Мұхамеджан қазақ қыздары “нәскише” талақ құрбандары болып жатқанда, неге осылай видесымен үндеу жолдамады екен?! Әлде қазақтың жігіттеріне қазақтың қыздарын қорлай беруге болады, ал басқаларға болмайды ма?! Ағалары миллиардтаған қаржыларды шетел асырып, елді тонап жатқанда - неге осылай видео үндеу жасамады?!
Енді келіп қыздардың ары қорғап қалыпты-мыс! Қыздардың арын қорғағың келсе - ең алдымен, өз еліңді жемқорлықтан тазала! Жемқорлығы тазарған елдің - қыздары да, олардың ары мен намысы да таза болады! Мені Лесили дегеннің видеосына белгілеп, “неге үн қатпай отырсың, әлің тек хаджаппен күресуге жете ме?”,-деп тэгтей берудің еш қажеті жоқ! Бұл кезекті саяси провакация, иә арандатушылық! Бұл деген - сайлау алдында халықтың арасында алауыздық тудыру үшін жасалып жатқан “былық-дүние”! Қазақ қыздары - ақымақ емес, кім көрінге етегін ашып жата беретін! - деп өзінің болаттай берік ойын түйіндеді Айгүл Орынбек.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер