Тоқаев тапсырмасы: Алматыда  сегіз сервистік орталық ашылып, ведомствоаралық топтар құрылады

2203
Adyrna.kz Telegram
Фото: t.me/bort_01
Фото: t.me/bort_01

Алматыдағы қылмыстарға күшті тосқуыл қоб керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполис жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Биыл Алматыда Қазақстанда тіркелген барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың бестен бір бөлігі жасалды. Олардың негізгі бөлігі ұрлық пен алаяқтыққа байланысты. Мемлекеттің басты басымдығы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғау болып табылады. Сондықтан қаладағы қылмыстарға күшті тосқауыл қою керек»,-деді Президент.

Сондай-ақ, Тоқаев елде полицияның сервистік моделін енгізуге бағытталған жүйелі реформа басталғанын тілге тиек етті.

 

Бүгінгі күні пилоттық жоба  Алатау ауданында жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесі көңіл қуантады. Сондықтан Мемлекет басшысы  келесі жылдың соңына дейін қаланың барлық аудандарында полицияның сегіз сервистік орталығын ашып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық топтар құруды тапсырды.  Мұндай қадам полиция жұмысының  тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Құқық бұзушылық қаупін арттыратын негізгі факторлардың бірі-сапасыз жариялау немесе оның қоғамдық орындарда толық болмауы. Әкімдік 2025 жылға дейін қала көшелері мен қоғамдық кеңістіктерді жүз пайыз жарықтандырумен қамтамасыз етуі тиіс», -деді Президент.

Пікірлер