Президент Қаулысы: Алматы әкімі  Жетісу ауданында кездесу өткізді

2000
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан  реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында Қаулы шығарды, деп жазды «Адырна» тілшісі.

Бас құжатта «барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін», делінген еді.

Президенттің пәрменіне орай, Алматы қаласының әкімі тұрақты түрде қала халқымен кездесулер өткізіп келеді. Бұл олы шаһар басшысы  Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Жетісу ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 300-ден астам адам келді.

Ауданда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту өзекті мәселе болып қала береді. Аудан тұрғындары Құлагер ш/а жылумен жабдықтау мәселесіне ерекше алаңдаушылық білдірді. Шағын ауданда ұзындығы 1,7 км болатын жылу желілерін қайта құру қазан айының соңына дейін жүргізілді, ал қазіргі уақытта толық аяқталды.

Ауданды тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін 40 км ескірген электр желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, 800 бағана орнатылды, 15,8 км кабель тартылды. Бұл Жетісу ауданында 4000-нан астам абонентті үздіксіз электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін көше жарығын модернизациялау аяқталады.

Қараша айында Қазыбаев, Рысқұлов даңғылдары, Тәтібеков көшесі, Райымбек даңғылының қиылысында ұзындығы 57,9 км сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау және кәріз құрылысы бойынша жұмыстар аяқталады.

Жол инфрақұрылымы және қауіпсіздік мәселелері бойынша: ағымдағы жылдың басынан бері жалпы ауданы 28 мың шаршы метр болатын 124 жол учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізілді, орташа жөндеу – ұзындығы 26,3 км болатын 21 көшеге, ұзындығы 16,3 км болатын жаңа тротуарлар салынды, 30 жаңа аялдама кешені орнатылды, 8 автобус бағытының жылжымалы құрамы толығымен жаңартылды.

Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін үш мектепке 800 орындық 3 қосымша нысанның құрылысы басталды. Екі мектепті күрделі жөндеу қарастырылған.

Жетісу ауданында түрлі жастағы балалардың спортпен шұғылдануы үшін 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды: Кемел ш/а ауысымында 94 келушіге, ал Айнабұлақ шағын ауданында ауысымында 100 келушіге арналған.

Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін Кемел ш/а 200 келушіге арналған ОДА (отбасылық дәрігерлік амбулатория) құрылысы аяқталады. Бір ауысымда 500 келушіге арналған емханаларға күрделі жөндеу және екі ғимарат салуға жобалау-сметалық құжаттама дайындау қолға алынған.

Ауданда қатты жауын-шашын кезінде су басу мәселесі өзекті болып қалуда. ТЖ желісі бойынша 8 учаскені жою жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселені шешу үшін ұзындығы 7,2 км арық желілерін салу, 2,2 км коллекторларды қалпына келтіру және 2,5 км Есентай каналын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Келесі жылы экология және қоршаған ортаны басқару желісі бойынша ұзындығы 27 км 27 учаскеде арық желілерін салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаев ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы хабардар етті. Ағымдағы жылдың соңына дейін адамдар көп жиналатын жерлерде 597 бейнекамера орнатылады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ауданда 800 млн теңгеге 23 жоба іске асырылды. Бұл жобаларды жүзеге асыру Великолукская көшесінде жаңа қоғамдық кеңістік құруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, екі скверде жаңа спорт алаңдары ашылды.

Аудан тұрғындары 2023 жылға қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру, балалар мен спорт алаңдарын жөндеу және жасау бойынша 129 өтінім берді, оның ішінде 18 жоба алдын ала іріктелді.

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.

Пікірлер