Дін мен дәстүр

12961
Adyrna.kz Telegram

Дін мен дәстүр сабақтастығы көптен бері қаузылып келе жатқан тақырып. Дәстүрлі дінінен, ділі мен тілінен, әдет-ғұрпыдан ажыраған елдің болашағы жоқ. Сол себебті біздер дін мен дәстүрді құрметтеп,одан ажырап кетпеуіміз керек. Әр ұлттың, халықтың, діні мен дәстүрі болады. Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік – мәдени сана. Дін дегеніміз- әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Діннің негізгі мақсаты-адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Діни тұрғыдан дін- бүкіл болмыстың түпкі себебі барын,дүние – болмыстың түпкі себебі барын,дүние-болмыстың жаратылу мақсатын,оның сыр-сипатын түсіндіріп,танып білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты,толық қамтитын өте кең,ауқымды ұғым. Дін сонау елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде пайда болған,яғни шыққан. Салт-дәстүр -әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшеліктеріне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір сүру қағидасы, қоғам заңы болып негізделіп,сана, тылым, тәрбие ретінде ел зердесіне рухани байлық – өнеге тәжірибесін құраған.Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дістүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы: той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік осылардың барлығы ата салты болып саналады, яғни осылардың барлығы салт дәстүрге жатады.Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор.Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи- әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрнісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы- мәдениеттің байлығы. Мысалы ата-ананы, үлкенді құрметтеу, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады.Қазақ халқы салт-дәстүрге бай.Әрбір халықтың әдет-ғұрпы бар. Әрбір өркениеттің, әрбір ұлттың өзіндік дүниетанымы бар. Түрлі халықтардың тарихын зерттеген ғалымдар жер бетінде ешқашан дінсіз, наным-сенімсіз ел болмағандығына анық көз жеткізді. Адамзат түрлі халықтардан, ұлт пен ұлыстан түрады. Әрқайсысының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері, тілі мен дәстүрі, діни нанымдары бар.

Мұсылман халықтарының салт-дәстүрінің бәрі бірдей шариғат шарттарына сай келе бермейді. Олардың арасында надандық дәуірден қалған, мұсылманшылықпен қабыспайтын сарқыншақтар да болуы ықтимал. Дәстүрді теріске шығаруға болмайды. Дәстүр туралы мақалдар өте көп.

«Жақсы заңың болғанша, жақсы дәстүрің болсын»

Халық нақылы

Салтын білмеген сауапты түсінбейді.
Дәстүрдің озығы бар,
Дәурені өткен тозығы бар.
Дәстүріңді баққаның- үмітіңді жаққаның.

Салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргеі берік,келешгі кемел.Тарих беттерін ақтарып отырып басқыншы елдердің бодан жұрттың ұлттық айырым белгілерін, дәстүрлерін ұмыттыруға тырысқандығын көреміз.Сосын оларға өздерінің тілің,дінін, мәдениетін әкеліп тықпалаған. Ал өзінің тілі мен дінін, салт-дәстүрін ұмытып, оның орнын өзгенікін сіңіріп алған елдің болашағы жоқ. Ислам діні де оны құптамайды.Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз с.а.с. мұсылмандардың өзге халықтардың теріс әдет-ғұрыптарына еруіне тыйым салған.  Қазақ халқының Ислам дінімен таныс болғанына мың екі жүз жылдан астам уақыт өтті.Содан бері салт-санасын, әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті мұсылмандыққа бейімделіп, ақырында Ислам діні халық ділімен біте қайнасып, ұлттық болмыстың ажырамас бөлігіне айналды.

Хибадат Жақсылық

Пікірлер