Жетісу ауданында 26,3 км жол орташа жөндеуден өтті – Ерболат Досаев

1692
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің жолдары нашар екенін және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағанын мәлімдеп, автожол инфрақұрылымы саласындағы түйткілдерге ерекше тоқталған еді, деп жазды «Адырна» тілшісі.

Жолдар қырық жамау деген Президент қара жолдың сапасы мен кем-кетігіне бас мән беру керектігін алға тартты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы үнемі назарынан тыс қалдырмайтын автожол инфрақұрылымын жақсарту ісі Алматы қаласында жолға қойылған.  Мәселен, жыл басынан бастап жалпы ауданы 28 мың кв. метр болатын 124 жол учаскесіне ағымдағы (шұңқыр) жөндеу жүргізілді, ұзындығы 26,3 км 21 көше орташа жөндеуден өтті.

"Сіздердің өтініштеріңіздің негізінде Көкжиек шағынауданында тротуарлар мен арықтармен бірге жолдарға жөндеу жүргізілді. Қараша айының соңына дейін 2-Гончарная көшесінде орташа жөндеу аяқталады", - деді әкім.

Қала әкімі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 29 мекенжайда ұзындығы 16,3 км жаңа тротуар салынғанын айтып өтті. Сондай-ақ адамдар жүретін өткелдерде 3 бағдаршам орнатылды.

"Тұрғындардың өтініш-тілектерін ескере отырып, Жетісу базарынан Адем сауда үйіне дейін ұзындығы 28 км құрайтын №138 жаңа маршрут ұйымдастырылды. №46 маршрут 1 км-ге ұзартылды (Кемел шағынауданында Есімхан көшесінен Арлан көшесіне дейін) автобустар саны 10-нан 12-ге көбейді", - деді мегаполис басшысы.

Сонымен қатар 8 маршруттың (№40, 41, 70, 135, 52, 56, 69, 80) жылжымалы құрамы толық жаңартылды.

Қыркүйек және қазан айларында Жетісу ауданында 30 жаңа аялдама кешені орнатылды.

Пікірлер