"Қазақ халқы көрнекті Көпенін ешқашан ұмытпайды!" - Саясат Нұрбек

3638
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Күлкінің Көпені», «Күлкі әлемінің королі» атанған сатира саңлағы Көпен ағаның дәм-тұзы таусылғанына, «Көпен кетіп барады» деген қаралы хабарға сену қиын. Айналасын күлкімен көмкеріп жүрген кемеңгердің келмеске кеткенін қабылдау қандай қиын еді десеңізші. Қазақ журналистикасы мен сатирасын қара жамылдырған Көпен Әмірбек Ел ағасы болды. Қазақтың Көпені атанған сатира сардары халқына шынайы күлкі де, қағытпа қалжың да, уытты әзіл де сыйлады. «Ара» журналы, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» және «Айқын» газеттерінде күлкінің кені, қара сөздің қазынасы екенін танытты. Қазақ сатирасындағы қаранардың қазасын күйзеліспен қабылдадым. Алла алдынан жарылқап, иманы саламат болсын. Күллі қазақ жұртына, Әмірбековтер әулетіне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Қазақ халқы көрнекті Көпенін ешқашан ұмытпайды!, - деп жазды министр.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер