Президенттік сайлау үшін дебатқа 63 млн теңге бөлінеді

3364
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Кезектен тыс президент сайлауы аясында өткізілетін дебатқа 63 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Хабар» телеарнасының өтінімі бойынша 63 млн теңге ұсынылды, - деді Щегорцова ОСК отырысында.

Телеарна өкілі бұл ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндірді.

«Бұл қаржы студияны жасақтауға, тікелей эфирді ұйымдастыруға, қосымша қызметкерлерді жалдауға жұмсалады. Бұл бағдарламаны ұйымдастыру «Хабар» телеарнасының жоспарына кірмеген. Шығын ОСК шығысының сметасында көрсетілген. Заңға сәйкес, ОСК-да дебат өткізе алады», - деді «Хабар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов.

Айта кетейік, дебат 11 қарашада «Хабар» телеранасының тікелей эфирінен көрсетіледі. Оған президенттікке үміткерлер қатысады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер