Қоғамдық қауіпсіздік: Алматының Алмалы ауданында 541 бейнекамера орнатылады

2033
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі қалаларда орнатылған бейнебақылау камераларының оң әсерін тигізіп тұрғанына тоқталып,  алып қаладағы камера санын арттыруға тапсырма берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы Астанада өткен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған кеңесте Алматыда «Сергек» камераларының саны ұлғайтылатынын айтқан болатын.

Мемлекет басшысы ірі қалаларда орнатылған бейнебақылау камераларының оң әсерін тигізіп тұрғанына тоқталып,  алып қаладағы камера санын арттыруға тапсырма берген еді.

Аталған пәрмен Алматы қаласында жүйелі түрде іске асуда.  Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде айтты.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы жылдың соңына дейін адам көп жиналатын орындарға (118 камера), аулаларға (200 камера) және көше қиылыстарына (223 камера) 541 бейнекамера орнатылады», - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, қолданыстағы 947 камераға есептелген 177 "Сергек" автоматтандырылған-бағдарламалық кешеніне қосымша (44– желілік учаскелерде,133– көше қиылыстарында) 400 камераға есептелген 38 "Сергек" автоматтандырылған-бағдарламалық кешені (22– желілік учаскелерде,16- көше қиылыстарында) орнатылады.

«Жалпы, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Алмалы ауданындағы камералардың жалпы санын 1 469 бірлікке дейін көбейтеміз», - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев өз  баяндамасында.

Пікірлер