"Балапан кезінен баптадым": Серікболсын Бабажан құсбегіліктен тұңғыш әлем чемпионы атанды

2813
Adyrna.kz Telegram
Абай облысы Үржар ауданында Құсбегіліктен алғашқы әлем чемпионаты өтіп, Серікболсын Бабажан құсбегіліктен тұңғыш әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Ұлттық спорт және ат спорты түрлері орталығы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

 Чемпионатқа әлемнің жеті елінен 100-ден аса спортшы келді. Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Украина, Қытайдан 61 бүркіт, 20 қаршыға, 15 ителгі қатысты. Әлем біріншілігінде спортшылар “бүркіт”, “қаршыға”, “ителгі” бойынша сынға түсті.

El.kz мәлімдеуінше, қыран құстардың бәсекесінде қазақстандық құсбегілердің бағы жанды. Атап айтқанда, «Бүркіт» бойынша бас жүлде Серікболсын Бабажанға (Қазақстан) бұйырса, екінші орыннан Өмірбек Нұман (Қазақстан) көрінді. Ал үшінші орында Өркен Бәйтілкәріп (Моңғолия) мен Байрақ Тастанбек (Қазақстан) бөлісті.

– Құсымның аты – Жанқияр. Жасы бесте. Балапан кезінен баптадым. Осы жарыстың алдында Қырғызстанда өткен «Салбурын-2022» халықаралық турниріне қатыстық. Онда бабы сай келмесе, Үржарда бабында келді. Нәтижесінде чемпион атандық. Қуаныштымын! – деді тұңғыш әлем чемпион С.Бабажан.  

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер