Ресей КХДР-дің киім-кешегі мен аяқ киіміне мұқтаж

3491
Adyrna.kz Telegram

Ресей КХДР-ден киім-кешек пен аяқ киім жеткізуге мұқтаж. Алайда, екі елдің арасындағы қоян-қолтық серіктестік БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясымен бекітілуі тиіс. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы "РИА «Новости" порталына сілтеме көрсете отырып хабарлайды. 

Ресей дипломаттарының айтуынша, Ресей КХДР-ден  тауар жеткізіп, киім-кешек тасуға мүдделі. Бұл жайлы басылымда:

- Ресейдің шикізат ұсынуының арқасында Солтүстік Кореядағы ондаған кәсіпорын жұмысы жанданды. Жеңіл өндіріс бағытында жылына 300 миллион рублге жететін өнім жеткізілді", - деп жазды.

Ресей елшісі Cолтүстік Кореяда өткен "Әйел киімі - 2022" көрмесіне барып, ағынан жарылды. Ол кәрістердің жоғары сапалы әрі заманауи киім шығарып,  тұтынушының көңіл пернесін дөп басатынын айтты. Кәрістердің шығарған өнімдерін алуға қолқа салды.

Дегенмен Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі солтүстік кәрістердің экономикасын біршама "тұсаулаған". Соған байланысты кәрістер бірқатар тауарларын шетелге шығара алмай отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер