Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдің көмекшілері және әкімшілік басшылары сәрсенбі күні жаппай отставкаға кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея президентінің әкімшілігіндегі онға жуық жоғары лауазымды қызметкер отставкаға кетті. Олардың ішінде президент аппаратының басшысы Чон Джин Сок, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Син Вон Сик, саяси мәселелер жөніндегі аппарат басшысы Сон Тэ Юн және тағы басқа жеті аға көмекші бар.
Бұл отставкалар 3 желтоқсан күні кешке президент Юн Сок Ёльдің елде әскери жағдай жариялап, оппозицияны «анти-мемлекеттік күштер» деп айыптауынан кейін болды. Ол оппозицияны елдегі жұмыс үдерістерін бюджетті қысқарту туралы заң жобасын және импичмент ұсынысын пайдалану арқылы тұрақсыздандыруға тырысуда деп айыптады.
Дегенмен, Оңтүстік Кореяның Ұлттық Ассамблеясы бұл төтенше жағдай режимін енгізу ұсынысын қабылдамай, оған қарсы дауыс берді. Нәтижесінде президент 6 сағаттан кейін әскер жағдай тоқтатылды деп хабарлады.