Алматыда 3 млрд теңгеге салынған мектеп құлағалы тұр

2314
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 3 млрд теңгеге салынған №202 мектеп-гимназиясының қабырғасы құлағалы тұр. Бұл туралы «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл мектеп 2021 жылдың қаңтар айында тапсырылды. Салу үшін бюджеттен 3 014 896 820 теңге төленген.  Қазір екінші оқу жылы өтіп жатыр, бірақ жағдай қауіпті! Ғимаратты бойлай кереге екіге айырыла бастаған. Кей жерлерінде кереге тіпті 10 см дейін қақырап кеткен. Мектеп шын мәнінде құлап жатыр»,—деді ол.

Дидар Смағұлов құқықтық салада әділдікке қол жеткізуге тырысқандарын атап өтті.

«Сараптамаға ақша төлеп, сметалық бағадағы сәйкессіздіктер 100 000 000 теңгеден асатынын дәлелдедік. Енді арнайы органдар сараптама жасап, апатты жағдайдың бар-жоғын қадағалайды»,—деп түйіндеді директор.

Пікірлер