Дариға Бадықова жол апатына ұшырады

9063
Adyrna.kz Telegram

Белгілі актриса Дариға Бадықова мен оның жолдасы жол апатына ұшырады. Бұл туралы өнер иесінің өзі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға Сарыағаш ауданының тұсында болған.

«Біраз адамдар айтып жатады, иә? "Отбасың, бала-шағаң, ол сенің жеке өмірің, көрсетпе, көз өтеді, сөз өтеді". Ол сөз бекер емес қой, иә? Отбасымды көрсетпеуші едім. "Әлде ойнаған рөлі өмірде қайталанды ма? Мүшел жас па?" деген ой мазалады. Әрине, бәрі — жаратушының ісі. Десе де, көп жерде өзімізді сақтандыра алмай жатамыз ба? Күні кеше Сарыағашқа іс-шараға бардық. "Өз көлігімізді Шымкенттегі қонақүйдің алдына қойып, демалып барайықшы" деп басқа көлікпен бардық. Той керемет өтіп жатты. Жолдасым елдің арасында аттың басын жіберіп биледі. 22:30-да Шымкентке жолға шықтық. Жолдасым алдында отырды. Ұйықтамай-ақ келе жатқанбыз, Сарыағашқа келгенде жүргізушіміз қарсы бағытқа шығып кетті. Жан даусым шықты. “Үлгермейсің кір ішке, кір”,— дедім. "Үлгеремін" деген ойы болды-ау, үлгермей екі машина қарама-қарсы соғысты. Қарама-қарсы келе жатқан машинаны көру сұмдық екен. Даусымды шығармай "өлдім, болды" дедім. Машинаның дөңгелегінің ұшып жатқанын көзіммен көрдім»,—деді ол.

Актриса бірден ауруханаға жеткізілгендерін атап өтті.

«Жедел жәрдем тез келді, ауруханаға апарды. Дарханды бірінші жібердік, бізге қарағанда жағдайы ауыр болды. Әйнек кірген шекесін шыңғыртып тұрып тікті. Қолын рентгенге түсірді, қолының жағдайы өте ауыр морт кеткен операция деді. "Гипс салып береміз, Алматыдан жасаңыздар" деді. Түнде қалаға келдік, жол бойы қолы шыдатпады. Бірден ауруханаға келдік, травматологтар шошып "операцияға дайындаймыз" деп жатқызып тастады. Менің бетім сырылды, шынтағыма зақым келді»,—деп сөзін толықтырды Дариға Бадықова.

Пікірлер