Мұстафа Өзтүріктің ескерткіші қоқыс үйіндісінің арасында тұр

5077
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың біртуар перзенті Мұстафа Өзтүріктің ескерткіші қоқыс үйінділерінің ішінде тұр. Видеодан қаңылтырлардың арасына қасқайып тұрған тас мүсінді көруге болады. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы @exk.kz-ке сілтеме көрсете отырып хабарлады. 

Бұдан бұрын, 2004 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында қойылған Мұстафа Өзтүріктің ескерткіші сынға ұшырайды. 2014 жылы Бесағашқа жаңа ескерткіш қойылып, ескісі шығарып тасталған. Қоқыс үйінділерінің арасында қасқайып тұрған батырдың мүсіні аталмыш алғашқы өнер туындысы болуы мүмкін.

Әзірге қазақтан шыққан қаһарман батырдың бейнесін қоқыс үйіндісінің ортасына орнатқандар жайлы нақты деректер жоқ.

 

Мұстафа Өзтүрік 1954 жылы Түркияның Қайсері қаласына қарасты Мұсаходжалы ауылында дүниеге келген.  Белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 7 данның иегері, Қазақстан және Түркия таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.

Мұстафа 1995 жылдың 11 наурыз күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан кикбоксингтен жарысты тамашалауға барады. Жарыс аяқталғаннан кейін Мұстафа өзін жайсыз сезінеді де, дәрігер шақырады. Дәрігерлер Мұстафаны Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызады.

Мұстафа Өзтүрік 1995 жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласында  қайтыс болады. Қарындасы Феруханның және туыстарының шешімімен Мұстафа Өзтүрік Ыстанбұлдағы қазақтар көптеп тұратын Гүнешлі ауданындағы зиратқа өзінің әкесінің жанына жерленеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер