Қазақстан аумағында қатынайтын коммерциялық пойыздардағы төменгі және жоғары орынның бағасында 20 процент айырмашылық болады. 1 желтоқсаннан бастап төменгі орындар қымбаттайды. Бұл жайлы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғары және төменгі орындарға жол жүру ақысына жаңа тәсілді енгізеді. Жоғары және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз болады», – делінген ресми хабарламада.Төменгі орындар мына бағыттағы жолаушылар пойызында қымбаттайды: №111/112 «Алматы – Маңғыстау»; №51/52 «Алматы – Орал»; №105/106 «Алматы – Петропавл»; №71/72 «Астана – Шымкент»; №29/30 «Алматы – Атырау».