Халық қатысатын бюджет: Алматының Наурызбай ауданында қанша жоба іске асырылып жатыр

1392

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында:  « "Халық қатысатын бюджет»  жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек» деген болатын,-  деп жазды "Адырна" тілшісі.

Бүгінгі күні Алматы қаласында аталған жоба шеңберінде Бағдарлама аясында 1,8 млрд. теңге сомасына 47 жоба орындалды. Бұл туралы  қала әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде  айтты.

" Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 1,8 млрд. теңге сомасына 47 жоба орындалды. Ақжар шағынауданындағы (3 га) және Қалқаман шағынауданындағы (2,5 га) скверлер, Қонаев көшесіндегі ұзындығы 1,2 км серуендеу аймағы, Мейрам шағынауданындағы жаяу жүргіншілер аймағы және т.б. абаттандырылды", - деп мәлімдеді қала әкімі.

Оның айтуынша, барлығы 21 қоғамдық кеңістік учаскесі (скверлер, балалар алаңдары, аулалар) және жол инфрақұрылымы бойынша 26 жоба (жолдар, тротуарлар, арықтар, көпір өткелдері, суару жүйесі) абаттандырылды.

Келесі жылы дауыс беру қорытындысы бойынша берілген 129 ұсыныстың ішінен 1,8 млрд.теңгеден астам сомаға 45 жоба алдын ала іріктеп алынды.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket