Егер шетелде қыстауға мүмкіндік болса, сонда қалыңыздар - Украина басшылығы

5116
Adyrna.kz Telegram
Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук шетелде жүрген украин азаматтарының еліне оралуға асықпауын өтінді. Олардың қазір емес, көктемге салым Украинаға қайтқандары дұрыс болатынын жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Мұнда әзірге қайтып келмеулеріңізді өтінемін. Бізге бұл қысты өткеру қажет болып тұр.  Жылу жүйесі мен электр желілері шыдас бермеуі мүмкін. Егер шетелде қыстауға мүмкіндік болса, сонда қалыңыздар", - деді Ирина Верещук.

Ирина Верещуктің сөзіне сенсек, елдегі жағдайдың жақында оңалатын түрі жоқ. "Нафтогаз"-дың басшысы Юрий Витренко да бұл қыстың ең сорақы қыс болатынын айтып, жылу мен электр жүйесінің жиі бұзалатынын болжап отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер