Қырғыздар өзбек қарамағына өткен су қоймасын қорғап, бас көтерді

4173
Adyrna.kz Telegram

Бішкек пен Ташкент арасындағы ортақ келіссөзге қарсы шыққан қырғыз белсенділері бас көтерді. Келіссөз бойынша Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы Кемпір-Абад су қоймасы толық өзбек қарамағына беріліп, шекара маңындағы өзге де даулы аймақтардың барлығы қызғыз қарамағына өткен еді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Кемпір-Абад көлемі бойынша Қырғызстанның екінші ірі су қоймасы болған. Су қоймасының Өзбекстан аймағына өтуіне қарсылық танытқан қырғыз белсенділері Бішкекте "Кемпір-Абад су қоймасын қорғау комитетін" құру жайлы бастама көтерді. Көп ұзамай олардың үйіне құқық қорғау органдарының өкілдері келіп, сұрақтың астына алған. Ұйымдастырушылардың дені "Билікті басып алуды көздейтін бүлікшілік" күдігімен екі күнге қамалған.

"Олардың мұндай демократияға бойы үйреніп алды. Төңкеріс жасаймыз да, күні ертең билікті басып аламыз дейді. Бұл - охлократия, ешқандай да демократия емес. Мемлекет мұндай бассыздыққа бей-жай қарамайды", - деді министрлік өкілі Еділ Байсалов бұған қатысты.

Бүгін Бішкектің орталық алаңында "Қырғызстанның территориялық тұтастығын сақтайық!" атты бейбіт шеру өтіп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер