Путин өз халқына ішкілікті жеңудің жолдарын көрсетті

2958
Adyrna.kz Telegram

Ресей Федерациясының Президенті В. Путин ішкілікке басы бүтін салынғандарды құтқарудың жолдарын айтты. Президент өз пікірін 21 қазан күні Магадан облысының губернаторы Сергей Носовпен кездесуінде білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Фонтанка.ru" сайтына сілтеме жасап. 

Путиннің пайымдауынша, асау бөтелкеден, арақтан, адамды құтқаратын жалғыз жол - тұлғалық даму, өзін-өзі жетілдіру.

"Спирттік өнімдерді ішуді шектеуден пайда жоқ. Қайта өзіңді тұлғалық дамытып, жетілдіріп, көңілің құлаған іспен шұғылданып, өз хоббиіңді дамыту - өте маңызды, бұл, сөзсіз, ішкіліктен құтылуға көмектеседі. Бұл әлем тәжірибесінде, соңғы жылдардағы біздің Ресейдің тәжірибесінде бар дүние. Біздің соңғы жылдардағы нәтижелеріміз жаман емес", - деді Путин.

Сонымен қатар, Ресей басшысы ішкілік проблемасының тамыры тарылып, елінде оң шешімін тауып келе жатқанын атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер