Home » Айдарлар » Өнер » Қазақтың «Керімсалы»

Қазақтың «Керімсалы»

Биыл қазақтың белгілі әншісі Жоламан Құжиман 60 жасқа толып отыр. Соған орай, 25 қараша күні (сағат 18:00) Семей қаласындағы Мәдениет сарайында және 27 қараша күні (сағат 18:00) Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылындағы Мәдениет үйінде «Керімсал» атты шығармашылық концерт өтеді.

Атаулы музыкалық концерттерге Ерлан Төлеутай, Нұридден Иманбай, Мейрамбек Ахмет, Тельман Нұртай, Ерлан Құжиман, Еркін Шүкіман, Жарқын Құныпия, Төлеген Жиенқұл, Жасұлан Сақай, Саят Нұрғазы, Саян Бөдес, Ғибадат Нұрғали, Еламан Құжиман, Төлеген Шәкәрім тәрізді өнер көрсетеді.

Жоламан Құжиман қазақтың ұлттық өнерінде өзіндік дара орны бар ерекше тұлға. Оның қазақ ән өнеріне сіңірген орасан зор еңбегін тәрбиелеп өсірген нағыз өнерпаз шәкірттерінің көптігімен-ақ бағалауға болады.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

ШҚО-да ауқымды спорт пен өнер фестивалі басталды

Ырғызбай Досханаұлының туған жерінде өтіп жатқан «Тұғыры биік Тарбағатай» халықаралық фестивалі әлемнің әр түкпірінен келген ...