Якутия мен Тывада тіреулері мобилизация кеткен отбасыларға картоп беріп, қой баққызып жатыр

2747
Adyrna.kz Telegram

Якутия мен Тываның мобилизацияға ұрынған отбасыларына әкімдік орамжапырақ, пияз, сәбіз, тіпті, қой беріп, көңілдерін көншітпек, деп хабарлайды "Адырна"  ұлттық порталы. Бұл туралы "Политика сегодня" порталы жазды. 

Әлеуметтік желідегі қауымды дүрліктірген хабарда көкөністің қазан соңына дейін тұрғындарға тегін таратылатыны айтылады. Ерекше "сыйлықтың" ішінде орамжапырақ, картоп, сәбіз, қызылша мен пияз бар. Әкімдік мұндай бастамалар арқылы тіреулері мобилизацияға кеткен отбасыларды қолдауға тырыспақ.

Тывалықтар да мобилизацияға кеткендердің отбасыларына көрсеткен ерекше қамқорлығымен көзге түсті. Олар ұн, көмір, каптоп, тіпті, тұрғындарға қой берген. Әкімдік бұл әрекетіне қатысты:

"Ұсақ малға қараған адам соғыста жүрген ет жақынына алаңдамайды, тұрмыстық мәселенің төңірегінен шыға алмай, ойы бөлінеді", - деп анықтама берді.

Украина ақпарат құралдары шетін жайтты сынға алып:

"Енді тек олардың банктегі қарыздарын жабу үшін пияз, сәбіз, каптоп тасығанын күту қана қалды" деп жазуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер