Әміржан Қосанов президент сайлауында Тоқаевты қолдайтынын айтты

2753
Adyrna.kz Telegram

Әміржан Қосанов алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтынын айтты. Бұл туралы ол “Адырна” ұлттық порталына айтып берді.

“Кез келген мемлекеттің әділетшіл, демократияшыл емес, не екендігінің критерийлары бар. Ол - демократия, бостандық. Соның ішінде сайлау. Сайлау- қоғамның, мемлекеттің даму сатысына лайықты болу керек. Мәселен,орта ғасырға барып капитализмді орнат деп айта алмайсыз ғой. Меніңше, 30 жыл ішінде бір адамның режимінен зәрезап болған ел қазір әділ, ашық сайлауға дайын. Тоқаевтан қорқатын ештеңе жоқ”,- деді ол

Пікірлер