Республика күні қарсаңында футболдан ҚР чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

816

Бүгін Шымкенттегі “Қажымұқан” атындағы орталық стадионда шаһар басшысы М.Әйтенов және Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы - «Шымкент» командасын құттықтады.

«Шымкент» әйелдер футбол клубы Республикада ғана емес, әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді.

Қазіргі таңда УЕФА-ның үздік 20 командасының қатарында. Еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады.

Чемпиондар Лигасында үш мәрте 1/8 финалында ойынын көрсетті. Олар әлемдік аренада Қазақстанның атынан туған қаламыз Шымкентті танытып, 12 мәрте ел кубогында да топ жарды.

«Шымкент» командасы кезекті рет Қазақстанның үздігі атанып, Қазақстан чемпионатында 11-ші рет жеңімпаз деп танылып, рекорд орнатты.

Дәл осы кезде, бүгін, Қазақстан премьер лигасында “Ордабасы” Қарағандының “Шахтер” командасын өз алаңында қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket