"Мұндай қадамға ешкім итерген жоқ" - Қарақат Әбден не үшін президент сайлауына түскенін айтты

1008

Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырып, не себепті кандидат ретінде президент сайлауына түсіп жатқанын түсіндірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Мені ешкім мұндай қадамға итерген жоқ. Бұл менің өзімнің шешімім, өзімнің ұстанымым. Ұсынысты маған қоғамдық бірлестік айтты. Бұл қоғамдық бірлестікпен біз көп жылдан бері бір салада жұмыс істейміз. Қарастырып жатқан мәселелердің бәрі бір. Сондықтан әрине бірден қуана-қуана келістім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Ал енді болашақтағы сайлаудың нәтижесі қандай болатыны әзірге белгісіз. Менің ойымша, саясаткер қорықпау керек, әрқашанда дайын болу керек. Мұндай лауазымға үміткер болу оңай емес, толқып тұрғаным рас», - деді Қарақат Әбден.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket