Мусин: Қазнетке шетелден кибершабуыл жасалып жатыр

2076
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық ақпарат кеңістігіне кибершауыл жасап жатқандарға қатысты министр Бағдат Мусин пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Десе де, министрлік DDoS шабуылдарды қандай құрылым не кімнің жасап отырғанын нақты атай алмай отыр.

"Мұндай кибершабуылдарды ұйымдастырып отырғандар прокси-серверлер мен VPN-серверлерді қолданып, жедел ізін суытуда. Яни, арнайы механизмдер арқылы бүркеніп отыр. Ел ішінде ұйымдастырылған мұндай шабуылдар сыртқы контурға қарағанда әлдеқайда қуатты болар еді. Сондықтан мұндай шабуылдардың ел ішінде емес, Қазақстаннан тысқары аймақтан [шетелден] келіп отырғаны ұғынықты!, - деді министр.

"Адырна" ұлттық порталы. 

Пікірлер