Оралда төбелес шығарған ресейліктер Қазақстаннан шығарылады

2595
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз

Орал қаласындағы түнгі клубта төбелес шығарған Ресей Федерациясының екі азаматына қатысты шешім шықты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің әкімшілік соты жаза ретінде екі азаматты Қазақстаннан шығаруға шешім қабылдады.

Бүгін шетелдіктер өз Отанына қайтады. Олардың бірі – Мәскеу тұрғыны, екіншісі – Уфа тұрғыны.

Еске салайық, 30 қыркүйек күні сағат 00:00 шамасында БҚО ПД жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларына шолу жасап отырғанда Оралдағы түнгі клуб жанындағы ер адамдардың төбелесін байқаған еді.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады. Бұл факт бойынша материал жиналып, куәгерлерден жауап алынды.

”Адырна” ұлттық порталы 

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер