Мыңдаған француз зейнетақы реформасына наразылық білдірді (ВИДЕО)

1888
Adyrna.kz Telegram

Францияның мыңдаған азаматы ел президенті Эммануэль Макрон жоспарлаған зейнетақы реформасына наразылық білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бірнеше қалада өтіп жатқан демонстрацияға мұғалімдер, студенттер, теміржолшылар, автобус жүргізушілері мен атом энергетикасы кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.

Француз кәсіподақтарының өкілдері биліктен жалақыны көтеруді, инфляциямен күресте белсенді әрекет етуді және энергетикалық компаниялардың үстеме пайдасының бір бөлігін қызметкерлерді қолдауға бағыттауды талап етіп отыр. Олар сондай-ақ зейнеткерлік жасты 62-ден 65 жасқа дейін көтеру туралы өзгерісті қолдамайтындарын жеткізді.

Пікірлер