Ресейліктерге көмектесемін десеңіздер, бірінші бауырлас түркі ұлттарын паналатайық - Танакөз Толқынқызы

2437
Adyrna.kz Telegram

Ресейдегі мобилизациядан қашқан тұрғындардың арасында саны аз түркі ұлттарының өкілдері де бар. Бауырлас ағайындардың тағдырына қатысты қазақтың дарынды қызы, ақын Танакөз Толқынқызы алаңдап, дабыл қақты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Жер бетінде 3000 ғана қырым татарлары қалған. Путин сол 3000 қырым татарының 1000-на повестка жіберіпті. Бұл барып тұрған ұлтты жоюға бағытталған ашық геноцид қой. Маған бүгін Ресейден келген қырым татары хабарласты. - Астанада жалдайтын пәтер қалмады. Барлық қонақ үйлер толып қалған. Жалдайтын үй табуға көмектесіңізші! -деді", - деп жазды қаламгер.
Cонымен қатар, автор Ресейдегі саны аз түркі тектес ұлттардың тағдырына қатысты толғанып, журналистерден көмек сұрады. Бұған қатысты:
"Егер ресейліктерге көмектесемін деп шешсеңіздер ең бірінші бауырлас түркі тектес ұлттарды паналату керек. Қырым татарларының тілі қазаққа өте ұқсас. Өзбек тілінен де жақын. Қазақша сөйлеп жатқан сияқты. Астанада риэлтор достары бар журналистер! Мен сіздерден көмек сұраймын. Украинадағы соғысты қолдамайтын өзіміздің ресейлік қазақтарды, татар, башқұрт, құмық, қарашай, қырым татарларын паналатуымыз керек деп есептеймін", - деп жазды ақын.
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер