Президент тапсырмасы: Алматы маңындағы (ҮАААЖ) құрылысы аяқталуға жақын

2389
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек»,деген еді.  Бүгінгі күні Президенттің пәрмені бойынша Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылысы аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бүгінде аталған жолдың құрылысы 85 пайызға аяқталған.

Негізгі  Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының  ұзындығы 66 шақырымды құрайды. Соның 50 шақырымына соңғы асфальт қабаты төселген.

Бүгінде асфальтбетон қабаттарын төсеу жұмыстары мынадай ретпен орындалды:

кеуекті асфальтбетон қабаты - 64,27 шақырым;

тығыз асфальтбетон қабаты - 64,19 шақырым;

модификацияланған полимерлі битуммен қиыршықтас-мастика асфальт қабаты - 50,26 шақырым.

Екі жақты қозғалыстың барлық ені бойынша жұмыс аяқталғаны атап өтілді. Ол тасжолдың бүкіл ұзындығы бойынша аяқталған.

Ерекшелік - тек 45-тен 47-шақырымға дейінгі учаске. Сондай-ақ, үш жолайрықтың шығаберісіне әлі асфальт төселмеген:

ҮАААЖ Алматы - Бішкек тасжолы қиылысында;

ҮАААЖ Алматы - Шамалған тасжолы қиылысында;

ҮАААЖ Комсомол - Жапек батыр тасжолы қиылысында.

ҮАААЖ салынатын 40 жолайырық пен көпірге келетін болсақ, олардың бәрі дерлік салынды.

"39 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 36 учаскеде асфальтбетон жабынын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Жеті жолайрықтың бәрінде жол өтпелерін (жолайрықтан түскен жердегі тасжолмен қосынды) салу жұмыстары аяқталды. Үш жолайрықта өтпелер салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған төрт өтпенің құрылысы аяқталды, онда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолайырықтар бойынша жұмыстарды орындау - 90 пайыз. Жалпы, ҮАААЖ жобасының өзі бүгінде 85 пайызға дайын", - деді компания өкілдері.

 

 

Пікірлер