“Адырна” ұлттық порталының “Таразы” ютуб бағдарламасының кезекті қонағы заңгер Абзал Құспан. Ағынан жарылған адвокат сұхбат барысында өзін “қызыл адвокат” деп атайтындарға жауап берді.
“Өмірде ақ пен қарадан басқа түстер бар сияқты біз екі лагерь тұрғысынан қарамауымыз керек. Мынау оппозиция, мынау билік деген секілді. Бізде оппозиция бар деп есептемеймін. Оппозициялық ұстанымдағы жекелеген азаматтар бар. Мен оппозиция да емеспін, билік жағында да емеспін. Мен шындық жағындамын! Егер шындықты қай жақ айтатын болса, сол жақты қолдаймын!..Ешқашан, еш уақытта мен оппозиционер немесе саясаткермін деп мәлімдеме жасаған емеспін. Қай жерде ұлттық мәселе бар, қай жерде оған қай тараптан көмек болуы мүмкін, мен сол жақтан табылып отырамын”,-деді заңгер.
“Адырна” ұлттық порталы