Трамп командасы Украина оппозициясымен жасырын келіссөздер жүргізді - БАҚ

1569
Adyrna.kz Telegram
Фото: Time
Фото: Time

АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың ең жақын серіктестері Украина оппозиция өкілдерімен жасырын келіссөздер жүргізді. Олардың қатарында елдің бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко да бар. Бұл туралы Politico басылымы 6 наурызда өз дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Дональд Трамптың төрт жоғары лауазымды серіктесі Киевте Владимир Зеленскийдің басты саяси қарсыластарымен құпия кездесу өткізді. Бұл кезде Вашингтон Мәскеумен бірге Украина президентін биліктен шеттетуге тырысып жатыр", – делінген жарияланған материалда.

Кездесуде Украинада мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу мүмкіндігі талқыланған.

Politico басылымының мәліметінше, Трамптың көмекшілері Зеленскийдің халықтың соғысқа шаршауы мен жемқорлыққа наразылығы салдарынан сайлауда жеңілуі мүмкін екенін алға тартқан. Сонымен қатар, кейбір украиналық шенеуніктер АҚШ президентімен қарым-қатынасты қалпына келтіруді жақтап отырғаны белгілі болды. Олар Вашингтонның қолдауынсыз Киев әлсірейтінін түсінеді.

Басылымның жазуынша, Трамптың Украинаға әскери көмекті тоқтату туралы шешімі елдегі саяси дағдарысты күшейте түсті. Ақпаратқа сәйкес, Трамп әкімшілігі Зеленскийге АҚШ-тың Украинадағы соғысты жылдам реттеу жоспарына келісуге немесе отставкаға кетуге ұсыныс жасаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер