Премьер-министр мемлекеттің халықаралық ережелерді сақтай отырып қашан да Қазақстан азаматтарының мүддесін бірінші орынға қоятынын жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Бағаның қауырт өсуі мен пәтер жалдау проблемаларына байланысы тұрғындар қиын жағдайға тап болды. Жағдайды тұрақтандыру үшін құзырлы мекемелер қажетті шараларды қолға алуы тиіс. Алдымен, қазақстандықтардың мүддесі, оларды жұмыспен қамту жайы маңызды. Мұны барлық мекемелер ескеруі тиіс. Бұған қоса, көрші мемлекеттерден келген мигранттар Қазақстан заңының негізінде елімізде жұмыс істей алады" - деді министр.
"Адырна" ұлттық порталы