2ГИС қосымшасы App Store сервисінен өшірілді

2610
Adyrna.kz Telegram
Фото: RBK
Фото: RBK

Ресейлік «2GIS» картографиялық сервисінің қосымшасы App Store дүкенінен жоғалып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қосымшаның ресми түрде неге жойылғаны белгісіз. Дегенмен, бұрын орнатылған қосымша жұмыс істей береді. Ақпараттар күнделікті жаңарып отырады, сонымен қатар қалаларды да жүктеуге болады.

«iPhone иелеріне арналған негізгі кеңес - бұрыннан орнатылған 2GIS қосымшасын жоймау. Телефоныңызды ауыстырған болсаңыз, 2gis.kz сайтын пайдаланыңыз, жұмыс үстелінде белгішені орнатыңыз. Мәселені шешудің жолын тапқан кезде сізге хабарлаймыз», - деді компания өкілдері.

Айта кетейік, 2ГИС – 1999 жылдан бері қала карталарымен аттас электрон анықтамалықтарды шығарумен айналысатын халықаралық картографиялық компания. Бағдарлама АҚШ-та санкция тізіміне енгізілген Сбербанкке тиесілі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер